12
ақпан
2025
Бракераждық_комиссияның жұмысы
№1 Ә. Бөкейханов атындағы гимназияда 🍽️ тамақтанудың сапасын бақылау мақсатында #бракераждық_комиссияның жұмысы ұйымдастырылды.
Комиссия құрамына:
👥 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы,
👨👩👧 Ата-аналар қоғамдастығының өкілдері,
🏫 Әкімшілік өкілдері,
👩⚕ Гимназияның медицина қызметкері енді.
🔥 Ыстық тамақпен қамтамасыз ету жаңа оқу жылының басынан бастап жүзеге асырылуда. Осы кезең ішінде бракераждық комиссия мүшелері:
🔹 Мектеп асханасының жұмысын;
🔹 Азық-түлік өнімдерінің сапасын;
🔹 Тағам дайындау технологиясын;
🔹 Өнімдер мен дайын тағамдарды сақтау шарттарын;
🔹 Мәзірдің сәйкестігін;
🔹 Тағамдардың дайындық деңгейін
🧐 тұрақты бақылауда ұстайды.
🍽 Ас ішу залы барлық қажетті үстелдер мен орындықтармен жабдықталған. Үстелдер клеенкамен жабылған.
✅ Бақылау тағамдарына арналған сөре бар. Мәзірге сәйкес 🍛 тегін тамақтанатын және ата-аналар есебінен тамақтанатын оқушыларға арналған бақылау тағамдары сақталған.
✅ Тәуліктік сынамалар 🥄 сақталған.
✅ Ішуге арналған 2 су диспенсері 💧 бар.
✅ «Дұрыс тамақтану» бұрышы 🥗 жасақталған.
Стендте:
📌 Перспективалық мәзір мен күнделікті мәзір
📌 Буфет өнімдері туралы ақпарат 📝 тұрақты түрде (апта сайын) жаңартылып отырады.
✅ Қол жууға арналған раковиналар 🚰 санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, үш сұйық сабын резервуарымен жабдықталған.
✅ Өнімдерді сақтау мерзімі мен шарттары, сондай-ақ дайын тағамдарды жеткізу талаптары сақталады. 🚛
✅ Отандық өндірушілердің азық-түлік өнімдеріне CT-KZ сертификаттары бар. 🏷
📌 Сонымен қатар, гимназияның бұйрығымен оқушылардың асханаға бару кезектілігінің кестесі мен мұғалімдердің кезекшілік кестесі бекітілді.
📋 Бракераждық комиссияның жұмысы гимназия директоры бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі.