29
қаңтар
2025
Әкелер жиналысы
29 қаңтар күні мектептің ішкі жоспарына сәйкес Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 4-сыныптар арасында «Әке-асқар тау!» тақырыбында әкелер жиналысы өтті.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, әкелер институтын дамыту.
🔹Жиналыс барысында «Өзіме-көршіме» әдісі бойынша қызықты және өзекті сұрақтарға жауап берді.
🔹«Білемін-білмеймін» әдісімен әкелердің біз білетін және біз білмейтін жақтарын қызыға тыңдадық.
🔹Психологиялық тренинг арқылы жалғасын тапқан жиналыс қыза түсті.
🔹Орындалған арман... деп осы уақыттағы жеткен жетістіктерімен, арман-мақсаттарымен бөлісті.
Жиналыс соңында әкелер ыстық лебіздерін білдіріп, ризашылығын айтты. Жиналыс қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.