Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі негізгі бағыт
Цифрлық қоғам – қоғамның тіршілік қызметінің барлық саласында білім мен ақпарат рөлінің басымдығымен ерекшеленетін, АКТ адамдардың тұрмыс-тіршілігіне, олардың білімі мен жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіп пен қоғамның өзара іс-қимылдарына шешуші әсер ететін өркениеттің қазіргі заманғы даму кезеңі. Бүкіл әлем цифрлы технологияларды дамытып жатқаны бекер емес. Ал Google6 SpaceX, Facebook сынды корпорациялар ұшқышсыз ұшақтарын көкке ұшырып, тегін интернет таратуды жолға қойып отыр.