«Парасатты отбасы» байқауы
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді.
Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, озат-ойлы, қайырымды, парасатты оқушыны анықтау мақсатында ұйымдастырылған «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті.
Аталмыш байқауға гимназиямыздың атынан 1 «Б» сыныбының оқушысы Керімбек Нұрисламның отбасы «ЕСЕЕВТЕР ОТБАСЫ» қатысып, «парасатты отбасы» номинациясының иегері атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Есеевтер отбасын гимназия ұжымы мен білім алушылары атынан шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңде сәттілік тілектейміз!!!