ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ КЕМЕҢГЕР АЗАМАТЫ
ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ КЕМЕҢГЕР АЗАМАТЫ
1 декабрь – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы айтулы күндердің бірі. Өйткені 29 жыл бұрын дәл осы күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев егемен елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Сол сәттен бастап, ел тағдыры Ұлт көшбасшысының қолына сеніп тапсырылды. Жалпы елдің іргетасын қалаған тұлғаларды ардақтау, олардың билікке келген күнін ұлттық мейрам ретінде атап өту – өркениетті елдердегі дәстүр. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігісонда, ол – қазақ халқының мемлекетболып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Өйткені, президенттік басқару формасы мен тәуелсіздіктің жиырма тоғыз жылдық тәжірибесі біздің ел үшін осы басқару формасының тиімді екенін көрсетті, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
30 ноябрь күні 1-декабрь Тұңғыш Президент күні қарсаңында мектеп кітапханашысы Жангушикова Орынкүл Жамалқызы 5-сынып оқушыларымен онлайн режимінде ZOOM платформасында «Заманымыздың кемеңгер азаматы» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты –жас оқырмандарға Тұңғыш Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Өз Отанын, халқын, елі мен жерін сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, іс-шара барысында викториналық сұрақтар қойылып, Елбасымыздың кітаптары таныстырылды. Атап айтсақ, Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында»(1999), «Әділеттің ақ жолы», «Жүз жылға татитын он жыл»(2001) «Еуразия жүрегінде»(2005), «Бейбітшілік кіндігі»(2020), «Ғасырлар тоғысында», «Елмен сырласу»(2012-2013), «Жылдар мен ойлар»(2013), «Қазақстан жолы»(2020), «Ақыл - парасат кітабы» (2015), «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы»(2014), «Таңдамалы сөздер»(2014,1-7 томдар), «Ғасырлар тоғысында»(2020), Елбасының балалық шағынан бастап, бүгінгі ерен еңбектері турасында жан-жақты қамтылған кітаптары таныстырылды.