ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ
Қазақ – қазақ болғалы, сан ғасыр өтті. Алаштың ұлтжанды азаматтарының басты мақсаты - ата-бабаларымыздан қалған ұлан-байтақ жерді қызғыштай қорып, көзінің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра ету болды. Шөбі шүйгін, жері шұрайлы, ұшқан құстың қанаты талатын, кең- байтақ өлке, сонымен қоса тау-тасы, өзен-көлі, шөлі мен орманы, жер үсті, жер асты байлығымен бірге бәрі-бәрі қазақ ұрпақтарына аманат болып қалған. Әрине, осыншама байлық бізге оңайлықпен келмегені баршамызға аян. Қалай айтып жеткізсең де, қанша айтып жүрсең де, ата-бабаларымыздың ерлігі халық санасында, ұрпақ жадында. Көк тәңірі ұрпағы, көне түркі жұртының мұрагері - қазақ елінің тәуелсіздік алғанына - 29 жыл.
Осы тұрғыда гимназиямызда тәуелсіздік мерекесі қарсаңында барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Ұлтымыздың көшбасшысы, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» дегендей, біздің сапалы білім алып, еліміздің қарыштап дамуы тәуелсіздіктің арқасы деп білемін. Тәуелсіздік - қазақтың маңдайына біткен бақыты. Бабалар артқан үмітті ақтау үшін білімнің, татулықтың, бірліктің арқасында аянбай еңбек етейік!