«From waste to art» байқауы
Табиғат –тіршіліктің құт берекесі.Табиғатты қорғау – міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті.Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Адам–табиғаттың ажырамас бөлігі. «Табиғат» пен «адам» қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. «Адам – табиғаттың патшасы» деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген.
Табиғат–сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі «Kieli Tabigat» жобасы аясында Республикалық экологиялық «From waste to art» байқауын ұйымдастырып жатыр. Мен сол байқауда бақ сынамақпын.
«Мәуесі бардың – әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қалай қарағаның сынды, тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.
6 «Б» сынып оқушысы