19
октябрь
2021
Кітап – асыл қазына
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі.
Кемеңгер кітапты сан мың рет ақтарып, ондағы мәлімет пен деректерді өз санасына судай сіңіре білген адамға телегей теңіздің терең тұңғиығында ғана кездесетін ақ маржандай қымбат.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білейік. Кітап оқитын жан, бүгін – табысты жан, ал ертең – қалыптасқан тұлға!
6 «А» сынып оқушысы
Ынтықбай Елдана