Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай жазушының шығармаларын насихаттау, оқушының тұлғалық қасиеттерін дамыту және ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу арқылы өмірлік танымдарын қалыптастыру мақсатында Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты тақырыпта эссе байқауы 2022 жылы 7 февральда өткізілді. 1-орынды 6 «Б» сынып оқушысы Нармухамбетов Дарийжан, 2-орынды 7«Ғ» сынып оқушысы Мухаметалы Алуа, 3-орынды 7 «Ә» сынып оқушысы Биболова Малика мен 5 «Ғ» сынып оқушысы Қуатбек Балауса иеленді. «Лучший» деп танылған эссе жұмысын сіздерге ұсынбақпыз.
Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Тіл – халық тарихы, тіл –баға жетпес байлық. Тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Туған тілін, туған жерін тілге тиек етпейтін бірде-бір ақын, жазушы жоқ шығар. Сондай заңғар тұлғаларымыздың бірі, ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев. Ақын өз халқын, тілін, Отанын үш бақытына балайды:
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің –дей келе ақын, халқын алтыннан да ең қымбат байлық көретінін сөз өрнектері арқылы айшықтайды. «Халық –менің шын атым» деп Жамбыл аавгустда халықпен жүрегі бір екенін көрсетеді. Мен де Қазақстан азаматымын, халқымды мақтан етемін, болашақта халық игілігіне қызмет атқаратын боламын.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім –деген өлең жолдарында, тіпті қиыншылық көрсе де, қасиетті тілінен ешқашан түңілмейтіндігін жеткізеді. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Тілімізді шұбарламай, таза ұстау, абыройын асқақтату – біздің қасиетті парызымыз. Тілге құрметіміз еселеніп, өзге шетелдіктерге де үйрете бастасақ, тіпті заман талабы болып жатқан ағылшын тілінен де асып түсуі мүмкін. «Қалауын тапсаң, қар жанады»-демекші, мүмкін емес ешнәрсе жоқ. Барлығы өз қолымызда.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен-деп, ақын Отанын үш бақытының бірі санайды. Демек, біз бақытты ұрпақпыз!