Гимназия қоржынында алтын медаль
Ағымдағы жылдың 18-21 cәуір күндері аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың IV кезеңі өңірлік «U-Study» тестілеу орталықтарында «Oqylyq.kz» платформасы арқылы өткізілді. Олимпиадаға республиканың барлық аймақтарынан 951 оқушы қатысып, өзара сынға түсті.
Республикалық олимпиада нәтижесінде гимназиямыздың 10 «Б» сынып оқушысы Кан Анна құқық негіздері пәні бойынша 1-орынды иеленіп, гимназиямыздың қоржынын алтын медальмен толықтырды. «Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан» демекші, Аннаның жетекшісі тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Жангабулова Салтанат Әбілдақызы.
Оқушының бойынан дарындылықты тани білу, жеке қабілетін анықтап сол бағытта жетелеу, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамытып, нәтижесін көру – білікті ұстаздың қарқынды еңбегінің жемісі.
Гимназиямыздың абыройын асқақтатар, өздерін білім бәйгесінде, өнер әлемінде, спорт көгінде көрсетер дарынды шәкірттеріміз көбейе берсін!