Жұмысқа қабылдау
ВАКАНСИЯ!!!
Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияға 2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 1-20 август аралығында жүргізіледі.
* Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
Оқыту тілі қазақ тіліндегі сыныптарға:
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – 1 декреттік орын
орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 4 негізгі орын
тарих мұғалімі – 2 негізгі орын
математика мұғалімі – 3 негізгі, 1 декреттік орын
физика мұғалімі – 1 негізгі орын
география мұғалімі – 1 негізгі орын
химия мұғалімі – 0,5 бірлік
көркем еңбек мұғалімі – 1 негізгі орын
информатика мұғалімі – 1 негізгі, 1 декреттік орын
музыка – 1 негізгі орын
хореограф – 1 негізгі орын
Оқыту тілі орыс тіліндегі сыныптарға:
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – 2 негізгі, 2 декреттік орын
орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 4 негізгі орын
шетел тілі мұғалімі – 2 негізгі, 2 декреттік орын
тарих мұғалімі – 4 негізгі орын
математика мұғалімі – 3 негізгі орын
физика мұғалімі – 1 негізгі орын
география мұғалімі – 1 негізгі орын
химия мұғалімі – 1 негізгі орын
биология мұғалімі – 1 негізгі орын
көркем еңбек мұғалімі – 1 негізгі орын, 1 декреттік орын
информатика мұғалімі – 2 негізгі орын
хореограф – 1 негізгі орын
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы №57 бұйрығының (19.11.2021 ж. №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
МАҢЫЗДЫ!!! Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
* Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің http://1-taraz.mektebi.kz/ ресми сайтына жарияланады.
- 1 августдан бастап мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың 1 августынан - 9 августға дейін.
- Конкурс өткізілетін орын:
"Коммунальное государственное учреждение «Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова» Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия" КММ
- Мекеменің мекенжайы: Тараз қаласы Пушкин улица 15.
- Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(7262) 43-34-92.