№1 гимназия директоры Қызылғұлова Ләззат Әбілдақызының құттықтау сөзі
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Жаңа жылдың әр күні жақсы хабарларға, жағымды жаңалықтарға, қуаныш сезімін сыйлайтын сәттерге толы болсын. Келе жатқан барыс жылы тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын. Әрбір үйге бақыт пен шаттық, зор денсаулық тілеймін. Игі арман-тілектеріңіз жүзеге ассын! Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар,