«Абай күніне» » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2019

«Абай күніне»

Гимназияда кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық  мерейтойына орай 13 – желтоқсан «Абай күніне» арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында  іс – шара өткізілді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру. Іс-шараға  мұғалімдер, оқушылармен бірге ата – аналар да белсене қатысты. Ата –аналар Абай атамыздың өмірінен дайындалған, қазақ және орыс тілдерінде гимназияның жүгіртпе жолында берілген сұрақтарға жарыса жауап берісті. «Абай күніне» кітап көрмесі және «Абайдың жарқын бейнесі» атты Абайдың портретін салудан байқау өтті. «Абайтану» курсынан 10-11 сынып оқушылары арасында «Брейн-ринг» ұйымдастырылды. «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында үш тілде сынып сағаттары мен сыныптан тыс шаралар да  өткізілді. Күнді мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен әдеби – сазды кеш толықтырды.Абайдың тәлім-тәрбиеге толы қара сөздерін, өлеңдерін гимназия оқушылары үш тілде мәнерлеп оқып, көрермендердің көзайымына айналса,  «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін  шырқап, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Абай атамыздың жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын көз алдыңа елестетін «Табиғат лирикасын» гимназия мұғалімдері нақышына келтіріп орындап шықты. Кеш Абай бейнесін көз алдымызға елестеткен  әсерлі әдеби композициямен  аяқталды.