День Гимназиста
16 қараша күні гимназиямызда 1 сынып оқушыларын гимназия қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Гимназист күнінде алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер өз өнерлерін паш етті. Осы күнді асыға күткен бүлдіршіндер күндегіден ерекше сәнденіп, дайындалды. Мәжіліс залы ойдағыдай тамаша безендірілген. Осы залдың құрметті қонағына айналған ата-аналар өз балаларының өнерлеріне таң-тамаша болды. Жиынға зор дайындықпен, қуанышпен мектепке келген оқушыларға гимназия директоры Қызылғұлова Ләззат Әбілдақызы құттықтау сөз айтып, жас жеткіншіктерге биік шыңдардан көрініп, тәртіпті, тәрбиелі, білімді азаматтар болып, гимназиямыздың өркендеуіне өз үлестерін қосуға тілек білдірді. Бүлдіршіндер гимназист қатарына қосылып, гимназия тәртібін бұзбауға, мектептің мақтанышы болуға , сабақтан кешікпей, жақсы оқуға уәде берді. Іс-шараға жиналған ата-аналар ұл-қыздарының өнерлеріне тәнті болып, ерекше көңіл-күймен тарқасты.
6 «А» сынып оқушысы
Амангелді Адина
В нашей школе по традиции прошел День Гимназиста. Для первоклассников этот день связан с красивым ритуалом: их посвящают в гимназисты. Учащиеся первых классов со своими классными руководителями представили музыкальные номера: исполняли песни, танцевали. А потом звучали слова клятвы. Ребята приняли законы гимназического братства: законы взаимопомощи и сотрудничества, законы взаимоуважения и чести, законы верности идеалам гимназии, законы, призывающие идти по дороге знаний. Директор гимназии №1 Кзылкулова Ляззат Абильдаевна поздравила всех с этим знаменательным днем. Этот праздник запомнился всем присутствовавшим.
Ученица 6 «Г» класса