06
желтоқсан
2019
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі
4-5 желтоқан күндері гимназиямызда еліміздің нағаз патриоттары, еңбекқор, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді. Биыл «Жас Қыран» ұйымына 2-4 сынып оқушыларынан 420 оқушы жаңадан қабылданса, «Жас Ұлан» ұйымына 5-11 сынып оқушыларынан 229 оқушы қабылданып отыр. Болашақта гимназияның абыройын асқақтата түсетін шәкірттеріміз көбейе берсін!