«Көне Тараз» тарихи -этномәдени кешеніне жасалған экскурсия
Гимназия білім алушылары мен ата-аналары, гимназия ұстаздары 4 қаңтарда Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи -этномәдени кешеніне экскурсия жасады. Экскурсия барысында «Тарихи-өлкетану музейін, «Руханият және тарихтану» орталығын, «Қолөнершілер шеберханасын», «Көркемсурет галереясын», «Ретро-фестиваль» амфитеатрын, «Сағат» стелласын, «Арбат-2» нысандарын тамашалады. Бұрын-соңды қаламызда жоқ кешен көздің жауын алады. Әрі бұл - тек сыртқы дизайнымен ғана емес, тәрбиелік-танымдық жағынан да құнды дүние.
Кешеннің бой көтерілуі туралы бейнекөрсетілімді тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті. «Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі» жәдігерлер балалардың да, ата-аналардың да қызығушылығын тудырды. Мыңжылдықтардың куәсі киелі өлкенің руханиятын оятып, рухын асқақтатқан, мерейін өсіріп, мазмұнын арттырған «Көне Тараз» тарихи -этномәдени кешені өскелең ұрпақтың мақтанышы болары сөзсіз.