06
мамыр
2025
Біртұтас ел – біртұтас жер
Бүгін гимназия қабырғасында «Біртұтас ел – біртұтас жер» айдарымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған тағылымды тағзым, ел жадында сақталған ерлік пен ұрпақ санасына сіңген ұлт рухы ұлықталған мазмұнды мерекелік іс-шара өтті.
⚜️ Мақсат – өткенді ұмытпау, міндет – болашаққа тағылым беру.
Салтанатты жиынға ел мен жердің амандығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген қадірлі қонақтар қатысты:
– Жамбыл облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы;
– Оңтүстік өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Оразкулов Әділхан Амангелдіұлы;
– Тараз қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы, подполковник Утебаев Ербол Мұратұлы;
– Интернационалист-жауынгерлер одағы қоғамдық бірлестігінің облыстық төрағасы Ізбасаров Керім Маханбатұлы;
– Ауған соғысының және прокуратура ардагері Абдикулов Құлымбет Садуақасұлы;
– Тараз қаласы білім бөлімінің денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің әдіскері Мұханбетов Серік Мұханбетұлы.
🔰 Жиынның шымылдығын Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы жүрекжарды лебізімен ашты.
🔰 Жаны – от, жүрегі – Отан деп соққан жауынгерлер рухына тағзым жасалды.
🔰 Сахна төрінде – еліміздің мақтанышы, гимназиямыздың намысын қолдан бермей келе жатқан патриоттар шеруімен жалғасты. «Жас Ұлан», «Жас Сарбаз», «Жас Қыран», «Сапта жүріп ән айту» сынды байқаулардың жеңімпаздары сап түзеп, өз өнерін паш етті. Сапта жүріп шырқалған ән – жүректе жанған жалынның үні болды.
🔰 Бүгінгі жиын барысында еңбегімен еленген азаматтарға «Қазақстан патриоты» медалі табысталды. Бұл абыройлы міндетті Төртбаев Марат Әсілбекұлы зор құрметпен атқарды.
🔰 Салтанатты жиынның көркін «Арлан» оқу-жаттығу взводының әскери қойылымы аша түсті.
🔰 Сондай-ақ, гимназия ауласындағы «Ер есімі – ел есінде» аллеясында іс-шара қонақтарымен бірге «Жүз жылын ойлаған халық – ағаш егеді» деген ұлағатты сөзді ту етіп, ағаш отырғызылды.
🔰 Шара соңында 10-сыныптар арасында өткен әскери-спорттық эстафета жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын, бірлік пен бауырмалдықты дәріптеді.
⚜️ Ұлт намысы – ұрпақтың жүрегінде.
⚜️ Ерлік ешқашан ескірмейді, ел есінде мәңгі жаңғырады!