Мастер - класс
2020 жылдың 25 ақпанында Тараз қаласының №1 гимназиясында әдістемелік көмек көрсету және бағалау критерийлерін талқылау мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері гимназияның биология, география, ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті ұстаздарымен "критериалды бағалау құралдарын әзірлеу" тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныбы барысында гимназия ұстаздары тренерлермен бірлесе отырып сабақ мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлар, тапсырмаларға қойылатын өлшемдерге мысалдар келтіріп, анықтамалар берді. Топтарда "обьективті бағалау" ұғымына талқылау жүргізіп, Блум таксономиясы кестесінің көмегімен оқу мақсатынан бағалау критерийін анықтауды тәжірибе барысында көрсетті. Соңында ұстаздар білімді жетілдіруде критериалды бағалау және тиімді жоспарлау бойынша 3:2:1 RIQ рефлексивті парақшасын толтырып, шеберлік сыныбының өзектілігін атап өтті.