Қашықтан оқыту - білім беру жүйесінің жаңа көрінісі
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтан оқыту форматынан басталды. Отандық білім беру жүйесіндегі бұл жаңа формат – заманауи технологиялардың білім беру үрдісін үздіксіз жүргізу құралына айналуымен ерекшеленеді. Ұстаздар қауымы оқытудың (Күнделік.kz, Daryn.online, Google classroom) тиімді поатформаларын таңдап, педагогикалық кәсіби шеберлігі мен цифрлық сауатылығын жетілдіре түсті.
Педагог-жаңашыл тұлға. Сондықтан да оқушыларды жаңа форматта оқытуға дайындау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілді.
Қашықтан оқыту жүйесіне көшу барысында Президентіміздің қолдауымен көптеген мәселелер шешімін тапты. Мәселен, оқушыларды қажетті құралдармен қамту, телесабақтардың жүргізілуі, халыққа үндеуі – елімізде болып жатқан эпидемиологиялық ахуалда, індеттің таралмауына септігін тигізетін оңтайлы шешім екенін дәлелдей түскендей болды.
Жаңа оқыту жүйесі – мұғалімдердің жаңа технологияларды тереңірек меңгеруіне, оқушылардың сабаққа деген белсенді қатысуына, өздігінен білім алуына жағдай жасады. Педагог тарапынан да, ата-ана тарапынан да бақылауға алынған оқушыларымыздың білімді игеруге құлшынысы арта түсті. Бұл ретте, ата-ана да педагог қауымына өз ризашылықтарын білдіріп, оқушымен бірге білімді игеру үстінде. «Білім мен тәрбие-егіз» демекші, оқушыларымыз тәрбие сағаттарына да белсенді қатысып, өз өнерлерін салып бағуда. Тіпті, мамыр айындағы мерекелер оқушыларымыз патриоттық сезімдерін одан әрі дамыта түсті. Соңғы тоқсан осы үрдіспен жалғасып, аяқталғанымен, алғашқы қоңырау мектеп қабырғасы аясында өтетініне сеніміміз мол.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді жайлаған індет кезінде балаға сапалы әрі терең білім беретін ұстаздарға бұл жолы да үлкен сенім артып отыр. Біз осы жаһандық кеселсе қарсы тұрып, барлығымыз бір адамдай жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Бұл қиыншылықты да өткінші деп білейік. Педагогтарға деген сенім мен құрмет арта берсін!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мұсабекова М.Д.