«Отбасы –бақыт мекені» 5-сыныптар арасындағы эссе байқауы » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы –бақыт мекені» 5-сыныптар арасындағы эссе байқауы
23
қыркүйек
2020

«Отбасы –бақыт мекені» 5-сыныптар арасындағы эссе байқауы

Қыркүйек айының 14-19 аралығында Республикалық « Отбасы-бақыт мекені» апталығы өтті. «Журналистика» үйірмесінің ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында мектепішілік «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепішілік  эссе  байқауы болды. Байқаудың мақсаты -  «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау. Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз ойларын көркемдеп жазуға дағдыландыру.        

Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.


Байқау нәтижесі: 

І орын – 5 «А» сынып оқушысы Ғазизжанұлы Бекмұхамед

І орын – 5 «Ә» сынып оқушысы Даулет Алияр

ІІ орын – 5 «Б» сынып оқушысы Бағдат Медина

ІІ орын – 5 «Ғ» сынып оқушысы Сәуірәлі Меруерт

ІІІ орын – 5 «Б» сынып оқушысы Меркібай Дарын

ІІІ орын – 5 «Б» сынып оқушысы Жақып Маржан

ІІІ орын – 5 «Б» сынып оқушысы Сабырбек Әсел

Отбасы-бақыт мекені

         Менің отбасым - өмірдегі ең маңызды,ең жоғары бағаланатын,ең ғажап әлем деп білемін. Мен  бақытты, жылылық мекенінде өмір сүрудемін. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларым бар.

             Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі. Мен үшін әкемнің орны ерекше. Менің сапалы білім алуым үшін,  аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін менімен бірге балаша  ойнап, кейде сабағыма да көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес.  

             Ағаларым ер жетіп Нұрсұлтан қаласында тұрады. Бірақ қай мереке болмасын үйде осы-бақыт мекенінде қарсы алады . Менің екі ағам және алтын әпкем ,жанашырым бар.   Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Бұл күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз, неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін.

            Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, білімді болуға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім.

             Мен осындай бақытты,ғажап әлемде өмір сүргеніме мақтанамын. Мен де өз кезегімде, жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау –менің  өмірдегі ең үлкен арманым.


5 «А» сынып оқушысы

Ғазизжанұлы Бекмұхамед

Отбасы – бақыт мекені

       Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

       Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

       Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де мен  отбасын «бақыттың мекені» деп санаймын.

5 «Ә» сынып оқушысы

Даулет Алияр



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив