Үйірмелер жәрмеңкесі
Оқушыларды заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оқушы санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашудың бірден бір жолы – үйірмеге көптеп қатысу. Үйірме – оқушылардың білімін жетілдіреді. Өз қызығушылықтарына қарай әр оқушы әр түрлі үйірмеге қатысады.
Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту мақсатында гимназиямызда көптеген үйірме түрлері бар.
Гимназиямызда спорттық, пәндік, шығармашылық волейбол, футбол, пионербол, каратэ, гимнастика, шахмат, тоғызқұмалақ, журналистика, радио, қолөнер, вокал, фортепиано, бейнелеу өнері, политолог, домбыра, би, театр сияқты әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сабақтан тыс уақытта болатын үйірмелерге оқушылар ерекше қызығушылықпен қатысып, білімдерін шыңдауда. Үйірмелерге қатысатын оқушылар түрлі байқауларға қатысып, жүлдегер атанып, гимназия мақтанышына айналып жүр. Сондықтан үйірмелерге көптеп қатыса білейік!
Мен журналистика үйірмесіне қатысамын. Үйірмеде түрлі видео материалдар түсіреміз, шығармашылық байқауларға қатысамыз.Үйірменің үйретері мол. Түрлі тақырыптарда эссе, мақала жазамыз, өлең де шығарып үйренеміз.
Үйірмеге қатысатын оқушылар әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін. Үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттеріңізді шыңдаңыздар.
7 «Ә» сынып оқушысы
Анамат Маржан