«Қашықтықтан оқыту жағдайында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында өткен ата-аналар жиналысы
«Отбасындағы үлкендердің өз іс- әрекеттеріндегі бірізділік, моральдық тұрақтылық, адамгершілік нормалары мен талаптарына сай болулары- баланың мінез – құлқының дұрыс бағытта болуының және оны жағымсыз әсерлерден сақтаудың ең нақты кепілі.
Отбасында қарым- қатынастар шын ниетпен, кең пейілмен құрылған болса, онда балалар басқа адамдармен араласу барысында осындай жақсы қасиеттерді сақтауға тырысады...»
Гимназияда Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу жөніндегі кеңес отырысының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №9 хаттамасын орындау мақсатында гимназия әкімшілігі Тараз қ. 1-ПБ полиция аға лейтенанты Т.Сейсенбековпен бірлесіп, «Қашықтықтан оқыту жағдайында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен қашықтықтан, ZOOM платформасы арқылы жиналыстар өткізілді.