Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқыту технологиялары
Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Қазіргі уақытта қашықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала және мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Осыған байланысты гимназия педагогтеріне қашықтық оқытудың технологиялары бойынша әдістемелік қолдау көрсету және білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы педагогтердің білім деңгейін көтеру мақсатында наурыз-мамыр аралығында "Google Classrom-да қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру», "Google Classrom: сұрақтар мен жауаптар" You Tube ustazupgrade арналарында. Мұғалімдер тікелей эфирде өз сұрақтарына мамандардан жауап алды «Қашықтық сабақтың педагогикалық дизайны: сұрақтар мен жауаптар», «Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалау тапсырмаларын ұсыну жолдары» тақырыбында вебинарлар ұйымдастырылып, оған барлық педагогтер белсене қатысты. Вебинар барысында педагогтер толғандырған сұрақтарына жауап алып, қашықтан оқытудағы қолданылатын платформалардың мүмкіндіктерімен танысты және оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс – тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде.