«Парасатты отбасы» байқауы » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Парасатты отбасы» байқауы
15
қазан
2020

«Парасатты отбасы» байқауы


Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады. 

         Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.    

         Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. 

          Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді.

        Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, озат-ойлы,  қайырымды, парасатты оқушыны анықтау мақсатында  ұйымдастырылған «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті. 

         Аталмыш байқауға гимназиямыздың атынан 1 «Б» сыныбының оқушысы Керімбек Нұрисламның отбасы «ЕСЕЕВТЕР ОТБАСЫ» қатысып, «парасатты отбасы» номинациясының иегері атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.

         Есеевтер отбасын гимназия ұжымы мен білім алушылары атынан шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңде сәттілік тілектейміз!!!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив