«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»
28
қараша
2020

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

28 қазанда «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Тоғатаева Дүрия Құрмашқызы гимназия ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында лектор Жолдаудағы білім саласы бойынша көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталды. Білім күнімен тұспа – тұс жарияланған Жолдауында Президентіміз, білім және ғылым саласына жаңа нақты міндеттер қойды. Президент атап көрсеткен басым бағыттар ел экономикасының басты өзегі саналатын аталған салалардың заманға сай дамуына зор серпін береді. Мәселен, бір ғана «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға бағытталған зор қадам болды. «Жаңалығы желмен жарысқан бүгінгідей заманда ғылым саласына мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп, елеулі қолдау көрсетіліп келе жатыр. Қазақстанның бұл тараптағы мақсаты – ғылымның дамуына жаңа қарқын беру, оның дамуы үшін дұрыс бағыттарды қабылдау және отандық бизнестің ғылыммен тығыз байланыста болуына ықпал ету. Бұл орайда елімізде біршама бастамалар қолға алынды. Бүгін соның бірқатарын Президент нақты атап көрсетті. Атап айтқанда, ғылыми жобаларды қаржыландыруға мемлекеттік қазынадан қомақты қаражат бөлініп, жас ғалымдардың ғылыми идеялары жан-жақты ынталандырылмақ»,– делінген. Жаңа мыңжылдықта білімі мен білігі үйлескен мамандардың бәсі басым болады. Бұны уақыттың өзі айқындап отыр. Президенттің биылғы Жолдауы біз үшін осынысымен құнды, осынысымен маңызды болмақ.  Сондай-ақ, басты құжаттағы бірқатар маңызды бағыттарға басым мән беру керектігі айтылды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив