«Мың бала» республикалық мәдени - ағарту жобасының облыстық кезеңі
«Мың бала» республикалық мәдени - ағарту жобасының облыстық кезеңі
![]() | ![]() |
Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени - ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді. Жобаның басты мақсаты- мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту. Іс-шараға әр номинация бойынша барлығы 20 үміткер қатысты. «Мың бала» жобасы «Тіл мектебі», «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» сынды 4 бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша, әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» номинациясы бойынша гимназиямыздың 6 «В» сынып оқушысы - Назарова Мафтуна алғыс хатпен марапатталды.Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.