Жамбыл Жабаев 175 жыл » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл Жабаев 175 жыл
29
қаңтар
2021

Жамбыл Жабаев 175 жыл

Жамбыл Жабаев 175 жыл 

Жамбыл Жабаевты М.Әуезов «Ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы» деп атаған. Ол жастайынан сөз өнерін пір тұтып, бала кезінде-ақ, Сүйінбай Аронұлынан бата алады. Сондықтан да осыдан кейінгі өлеңдерінде «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай»,- деп ұстазының алдына түспейтіндігін үнемі айтып отыратын. Осылайша жастайынан өлең-жырға жақын өскен ол, он бес жасынан-ақ «жас ақын», «жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын» болып, елге таныла бастаған екен. 

Қазақтың Жамбыл: «Уа, әлеумет, құлақ сал! Қария Жамбыл жырласын! Мен сөйлемей кім сөйлер, Заманам менің сырласым», – деп еді. Заман өзгерер, уақыт зымырар, бірақ өзгермейтін бір-ақ нәрсе, ол құрыштай құйылған Жамбыл бабаның өлеңдері.

Биыл  қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175жыл  толғалы тұр. Осыған байланысты  29-қаңтар күні гимназиямыздың 7-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рапильбекова Гульшат Джумабаевнаның ұйымдастыруымен « Суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.

 Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. 

Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. 

Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив