Жамбыл облысы білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҒАРЫШТЫ ШАРЛАЙМЫН, ЖҰЛДЫЗДЫ ТАҢДАЙМЫН»
12
апрель
2021

«ҒАРЫШТЫ ШАРЛАЙМЫН, ЖҰЛДЫЗДЫ ТАҢДАЙМЫН»



12 сәуір – Адамзаттың ғарышты бағындырған күні. Сондықтан, 1968 жылдан бастап, Халықаралық авиация федерациясы 12-сәуірді «Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні» деп бекітті.

12 сәуір - Ғарышкерлер күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес гимназиямыздың кітапханасында "Ғарыш көрген үш қазақ" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Ғарыш әлеміне саяхат" тақырыбында  кітапханашыларымыз танымдық сағатын өткізді. Іс-шаралардың мақсаты: қазақстандық патриотизмді насихаттай отырып, білім алушылардың интеллектуалдық білім көтеру болып табылады. Сондай-ақ, гимназиямызда  бастауыш сыныптар аралығында "Ғарыш ғажаптары" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары, ал  5-9 сыныптары аралығында "Қазақтың тұңғыш ғарышкері"   тақырыбында дәріс сабақтары өткізілді.

Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. 

1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Т.Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері.

Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Т.Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты. Т.Мұсабаев Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан ғарышкер. Ол Ресей Федерациясының батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы».

2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». Ғарыш әлемінде болған 9 күн, 20 сағат,13 минутта тапсырылған ғылыми жұмысын, әсіресе Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына байланысты зерттеулерін жүргізді.