СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Денсаулық – адамдың ең қымбат әрі ең бірінші байлығы. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты болады. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін үнемі спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу және т.б. Мен спортпен әуестенетін адамдардың қатарына кіремін. Күн сайын таңертең жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашуға, күні бойы сергек жүруіме көмектеседі. Спорттық секцияларға барамын.
Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Спортпен шұғылдану – ағзаның иммунитетін көтереді. Сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Жүрек – дененің ең маңызды мүшесі, оның дұрыс жұмыс істемеуі ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Күнделікті жаттығулар – жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді.
Қазан айында жеңіл атлетикадан мектеп оқушылары арасында Республикалық онлайн турнир өткізілді. Нәтижесінде 6 «Б» сынып оқушысы Игілік Ерасыл 1-орын,
5 «Е» сынып оқушысы Акрамходжаева Лола 1-орын, 6 «Е» сынып оқушысы Жусуева Сезимай 2-орын, 5 «Е» сынып оқушысы Жеңіс Заңғар 3-орын иеленді.
Бүгінгі таңда көптеген спорт секциялары бар, ол жердегі тәжірибелі жаттықтырушылар кез келген жаттығу түрін таңдап береді. Салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын ұстанатын болсаң, денсаулығынды нығайтып, өміріңді ұзартуға мүмкіндік аласың. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн.
6 «Б» сынып оқушысы
Игілік Ерасыл