Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы
13
желтоқсан
2021

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы


Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін   атрибуттарының бірі. Тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір азаматы  құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Елімізде Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн – мемлекеттік рәміздер болып табылады. Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. 

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын символикалық белгілер. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі – әрбір азамат үшін зор мақтаныш тудырады. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11-желтоқсанында бекітілді. Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 30 жыл толады. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Бұлтсыз көк аспан – бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Шаңырақ - елтаңбаның жүрегi. Тұлпар  – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Бес бұрышты жұлдыз –  елтаңбаның тәжi iспеттi.

Әнұранның сөзін Қазақстан Республикасының әр азаматы жатқа білуі тиіс.Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның Гимні тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша, 2006 жылы 6-қаңтарда еліміздің парламентінде бекітілді. Әнін жазған – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.

Қорыта келгенде, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін үлкен қадам еді. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір Қазақстан Республикасы азаматының қасиетті борышы деп білемін. 

6 «Б» сынып оқушысы

Әбілда Әйгерім

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив