МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ
22
қаңтар
2021

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Журналистика үйірмесінің ұйымдастыруы бойынша 15-22 қаңтар аралығында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбындағы шығарма байқауында  5 «б» сынып оқушысы Төребек Томирис бас жүлдені иеленді. «Үздік» деп танылған жұмысты сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.


         Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. 

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Гимн. 

Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. «Ел тәуелсіздігі» мен «мемлекеттік рәміздер» егіз ұғым.
 Кез келген елдің тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін  танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар  өз  дәрежесінде  көрініс тауып отыр.

Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән-мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі - әрбір азамат үшін зор мақтаныш тудырады. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше.

Қазақ халқы кіндік қаны тамған туған жерін ерекше қадірлейді. Сондықтан да халқымыз Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген,  әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген. 

Қорыта келгенде, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір Қазақстан Республикасы азаматының қасиетті борышы деп білемін. 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив