Отанды қорғау – әр азаматтың парызы
10 ақпан Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиямызда 2005 жылы туылған ұл балаларға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктері берілді. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері - Букша А.И, Избасаров К.М. және Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма инспекторлары - Пак Ю.А., Аляева Н.Г. қатысты. Ардагерлер Ауған соғысының ақиқаты жайлы сыр шерте отырып, бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға щақырды. Шараға қатысқан оқушылар арнайы куәліктерге ие болып қана қоймай, Отанды құрметтеу, еркіндіктің қадірін білу, ұлтжанды болудың маңыздылығын түсінді.
Қазақстан биыл тәуелсіздігінің отыз жылдығын атап өтті. Мемлекетіміз өз еркімен ешқандай елге соқтыққан емес, мақсаты – бейбітшілік. Бірақ, мықты мемлекет үшін мықты әскери база, қорғаныс қажет. Әрбір азамат қажет жағдайда, қасиетті Отанын қорғауға қашанда дайын болуы керек. Біз осыны келер ұрпаққа ұғындыруымыз керек. Ата-баба аманатына сай ұл-қыз болайық. Ел болашағы – біздің қолымызда. Ұлтын, елін, Отанын сүйген жүрек ешқашан аяғын шалыс баспайды.
6 «Б» сынып оқушысы
Аязбай Камила