Жамбыл облысы білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
01
март
2021

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтуге арналған онкүндік өз мәресіне жетті. Онкүндік аясында гимназиямызда тақырыптық тәрбие сағаттары, сурет көрмесі, бейнероликтер шеруі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, гимназияның дене шынықтыру пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекетті білу мақсатында оқушыларға арнайы семинар тренинг өткізілді. Семинар тренингке М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушылары Ж.Ж.Жайлаубаев пен Е.Ж.Кадрешов қатысып, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекет жаттығуларымен таныстырды.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Қауіпсіздігіңіз қаперден тыс қалмасын!