Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залына экскурсия
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай өткізіліп жатқан «Патриот» әскери-патриоттық айлығы аясында 12 сәуір күні Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия оқушылары Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залына экскурсияға барды. «Даңқ» залының аға ғылыми қызметкері - Құрманғазы Мыңжасарұлы Демешов оқушыларды көптеген тың ақпараттармен таныстырды.
Ғимарат Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежірелер топтастырылған. Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдыңа алып келеді. Сондай-ақ, «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін суреттер де көрініс тапқан. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.
Залды толық аралап шыққан оқушылар Жеңістің оңайлықпен келмегенін, оның қадірін білу керектігін түсініп, ой қорытып қайтты.
10 «Ә» сынып оқушысы
Расылхан Ұлжан