18
ақпан
2025
Халықаралық кітап сыйлау мерекесі
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау мерекесінің шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні, "Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген.
Осы күнге орай, халықтың рухани байлығын дамыта отырып, кітапхананың қорын көркем әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, № 1 Ә.Бөкейханов атындағы гимназия кітапханасында «Шын жүректен кітап сыйла! » атты акциясы әлі де жалғасын тауып келеді.
«Кітап – ең асыл қазына, рухани байлық» деген қанатты сөздер бар. Осы қанатты сөздердің түбіне үңіліп қарайтын болсақ кітап- сарқылмас қазына. Кітап оқыған адамның жан дүниесі мен ойлау қабілеті өзгеше болады. Сонымен бірге кітапты көп оқиттын адамдар қиялға көп берілгіш болып келеді.Олардың әлемі мүлдем бөлек.
Кітапханаға сыйға тартылған әрбір кітап оқырмандардың рухани байлығын дамытуға, оқу мәдениетін жақсартуға, уақыттарын тиімді пайдалануға зор мүмкіндік береді деп сенеміз.