06
наурыз
2025
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ!
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында “Қыз Жібек” қыздар клубының жоспарына сай 5-сынып қыздары арасында “Қыздарға әсемдік жарасады” атты шығармашылық байқауы өтті. 👗🎨🎤
🌷 Байқаудың басты мақсаты:
💖 Қыздардың сұлулығы мен ізеттілігін дәріптеу;
🎭 Өнері мен білімін насихаттау;
🎨 Шығармашылық қабілеттерін көрсету;
🌿 Қазақ қызының нәзіктігі мен көркем мінезін ұлықтау.
Қатысушылар өздерінің өнерлерімен, тапқырлығымен және инабаттылығымен көпшілікті тәнті етті. 🌟✨ Әсемдік пен тәрбиені ұштастырған бұл шара қыздарымыздың рухани дамуына зор үлес қосты.
🌸 Әсемдік – қыз баланың ажары, көркем мінез – ұлтының айнасы!