25
қаңтар
2025
Мамандықтар байқауы
Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияда 23-24 қаңтар күндері 10-сыныптар арасында "Гимназияның үздік профилі" атты мамандықтар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
⚜️ білім алушылардың кәсіптік бағдарлау құзыреттілігін дамытуда ақпараттық қолдау көрсету;
⚜️ жоғары сынып білім алушыларының кәсіби детерминациясы туралы ақпараттық кеңістікті кеңейту;
⚜️ білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен топтық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
Байқауда оқушылар өздерінің таңдаған бейіні бойынша мамандықтарын таныстырып, сұрақтарға жауап беріп, өз таланттары мен қабілеттерін көрсету арқылы бірге жұмыс істеуге және өзара қолдау көрсетуге үйренді.
Осындай іс-шара болашақ мамандықты саналы түрде таңдауы және жеке дамуы үшін өте маңызды.