06
наурыз
2025
Поэзия – ғажайып әлем!
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда "Әулиета – кітап оқитын өңір" жобасы аясында "Поэзия – ғажайып әлем!" атты ерекше арт-кездесу, поэтикалық кеш өтті.
✨ Бұл кеш Жамбыл облысының талантты ақындарын, поэзияны сүйетін жандарды, шығармашылыққа жақын оқушыларды тоғыстырған рухани мереке болды.
📜 Қонақтар:
🖋️ Лариса Лукстина – поэзия шебері
🖊️ Александр Загрибельный– белгілі ақын, журналист, аудармашы
📖 Лариса Губашева – ақын, журналист
💫 Владимир Краковскийдің жақындары
🎭 Евгений Валентинович, Татьяна Евгеньевна Белоголовых
🏅 Татьяна Петровна – Ауған соғысы ардагерінің қызы, ақын Петр Вотинцевтің мұрасын сақтаушы
📚 Кеш барысында:
✨ Оқушылар ақындармен бірге поэзия әлеміне саяхат жасады.
🎤 Ақындар өз өлеңдерін оқып, шабыт сыйлады.
📖 Көрнекті ақындардың шығармалары оқылды.
✍️ Көпшілік сүйікті ақындарынан қолтаңба алды.
🎁 Александр Загрибельный гимназиямызға өз кітабы "Азиатская плита" жинағын сыйлады.
🌟 Бұл кездесуде біз әдебиет пен поэзияның шексіз сырларына бойлап, әр өлең жолынан мейірім мен шынайылық таптық. Поэзия – жүрекке жылулық сыйлайтын, жанды байытатын керемет әлем!
👏 Кешті ұйымдастырған ұстаздарымыз:
📚 Өмірзакова Сауле Досметовна
📚 Балясникова Ольга Николаевна