31
наурыз
2025
Наурыз_айы – жаңғыру мен дәстүрдің үндескен әуені
1-20 наурыз аралығында ұйымдастырылған игі шаралар – мейірімділік пен ризашылықтың айқын көрінісі болды💐.
Бұл ай гимназия қабырғасында ұлттық құндылықтарды дәріптеген, тағылымға толы түрлі форматтағы іс-шаралармен өрнектелді.
✨ Әрбір өткізілген шара – ұлттық рухтың асқақтығын, өткен мен бүгіннің сабақтастығын сезіндіре түсті.
Атап айтатын болсақ, төмендегідей игі шаралар өз мәресіне жетті:
🌸 Наурыз мерекесіне орай өткізілген «Алғыс айту - парызым», " Анамның аялы алақаны" челлендждері – әрбір жүректен шыққан мейірімділік пен ризашылықтың көрінісі 🙏💐.
🌷 8 наурыз мерекесінде «Қыздарға әсемдік жарасады» атты шығармашылық байқау қыздар клубының жігерін, талантын және бірлігін паш етті👑🎨.
🏵 «БІРТҰТАС тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар ұлттық мәдениет пен дәстүрлі ойындарды насихаттап, оқушылардың жан дүниесін байытты 🌿🤲.
🎨 «Ұлттық мәдениет» көрмесі, ⚽ спорттық жарыстар мен түрлі байқаулар оқушылардың шығармашылық қабілетін, ынтымақтастығын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды.
🎤 Сонымен қатар, «Әншуақ» ән байқауы, «Айгөлек» би байқауы және «Сырласайық, Жеңге!» шығармашылық байқаулары – әр сынып оқушыларына өз өнерін паш етуге мүмкіндік берді 🌟🎶.
👵 Ұлттық мұраны дәріптеу мақсатында «Даналық мектебі» мен «Ата өсиеті» клубтары бастауыш сынып оқушылары арасында «Әже – көңілдің ажары, немере - өмірдің базары» мен «Атадан мұра», "Әке жолымен, аға ізімен" байқауларын өткізді 📜.
Бұл шаралар ұрпаққа берілетін даналық пен ұлттық құндылықтардың маңызын сезінуге сеп болды💫.
📅 Мерекелік ай аясында арнайы күндер:
🤝 14 наурыз – Көрісу күні.
❤️ 15 наурыз – Қайырымдылық күні.
🏠 16 наурыз – Шаңырақ күні.
👗 18 наурыз – Ұлттық киім күні.
19 наурыз - Жаңару күні.
Аталған әрбір күн ерекше мәнге ие болып, игі бастамалар қолға алынып, оқушылар мен ата-аналар арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтты 💞.
👨👧👦 «Әке жолы – ізгі жол» атты #қалалық_әкелер форумы – отбасылық дәстүрлердің жаңа қырын танытқан маңызды шара болды.
🌱 Наурыз айы – тек мереке ғана емес, ұлттық рух пен дәстүрдің, заманауи шығармашылықтың және болашаққа деген сенімнің айнасы 🌈.
Әрбір іс-шара жүректерге үміт, ынтымақ және махаббат нұрын шашты.