31
наурыз
2025
«Әке жолымен, ағалар ізімен» байқауы өтті!!!
14.03.2025
📚 3-сынып оқушылары
«Даналық мектебі» және «Аға қамқорлығы» клубтарының ұйымдастыруымен «Әке жолымен, ағалар ізімен» атты байқау өтті. Бұл сайыс аға мен іні арасындағы байланысты нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге бағытталды.
🔹 Мақсаты:
✅ Аға мен іні арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты қалыптастыру
✅ Өнерлі, жігерлі жеткіншектерді тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу
✅ Ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту
⚜️ Қазақ қоғамында ерекше орын алатын аға мен іні сыйластығы – ұлттық тәрбие негізі. Бұл байқау арқылы әдеп нормалары мен моральдық құндылықтар дәріптеліп, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рух сіңірілді.
✨ Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!