04
сәуір
2025
Білім сапасына бағыт – #PISA_2025!
Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияда PISA-2025 халықаралық зерттеуі сәтті өтті! Бұл зерттеу – оқушылардың математика, оқу сауаттылығы және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімін бағалайтын маңызды қадам.
Гимназия бойынша 42 білім алушы қатысты. Олардың 22-сі қазақ бөлімі, 20-сы орыс бөлімі бойынша білімдерін сынады. Бұл оқушыларымыздың әлемдік білім кеңістігіндегі орнын айқындауға мүмкіндік береді.
Оқушыларымызға сәттілік, ұстаздарымызға толағай табыс тілейміз! Білімге ұмтылған ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!