12
ақпан
2025
Қалалық шеберлік сағаты
Ұстаздық жол – ізденіс пен жаңашылдықты талап ететін, қажыр мен қайратқа толы қасиетті жол. Дәл осы жолда шәкіртінің болашағы үшін талмай еңбектеніп, кәсіби шеберлігін үнемі шыңдап отыратын ұстаздар бар.
📅 Бүгін Бөкейханов атындағы №1 гимназияда «МИФ» әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында білім көкжиегін кеңейтетін маңызды шара өтті. Гимназиямыздың мақтанышы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, педагог-шебер, «Үздік педагог-2024» атағының иегері Естаев Дәурен Естайұлы «Педагогикалық жетістіктер – кәсіби шеберлік шыңы» тақырыбында қалалық деңгейде шеберлік сағатын өткізді.
🔹 Шеберлік сағатының мақсаты:
Математика сабағында білім алушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, өз ойын еркін айтуға, ой қорытынды жасауға баулу және олардың *функционалдық сауаттылықтарын дамытуда цифрлық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын көрсету.
📌 Міндеттері:
✅ Әр білім алушының ынтасын арттырып, өзіне деген сенімін нығайту.
✅ Оқушыларды цифрлық технологияларды меңгеруге ынталандыру.
✅ Білім алушылардың қабілеттері мен шығармашылық дағдыларын дамыту.
✅ Функционалдық сауаттылықты жетілдіру.
✅ Тапсырмалардың тәрбиелік мәніне және олардың түсінікті болуына мән беру.
📚 Шеберлік сағатына гимназиямыздың және қаланың педагогтері қатысып, құнды тәжірибелермен танысты. Кәсіби даму мен өзара тәжірибе алмасуға бағытталған бұл іс-шара ұстаздарға жаңа идеялар мен әдістемелік құралдарды қолдану мүмкіндігін берді.
📚 Бұл шара ұстаздардың кәсіби дамуына тың серпін беріп, жаңа әдістемелік тәжірибелермен байытты. Ал білімнің шамын сөндірмей, шәкіртін ізгілік пен ғылым жолына жетелеп жүрген ұлағатты ұстаздың еңбегі қашанда құрметке лайық.
✨ Дәурен Естайұлына шығармашылық табыс, қажырлы еңбек пен жаңа жетістіктер тілейміз! Ұстаз еңбегінің жемісі – білімді ұрпақ, ал білімді ұрпақ – кемел келешек!