28
сәуір
2025
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында 4, 9, 11 сыныптардың ата-аналар комитетінің төрайымдарының қатысуымен Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің бас маманы А.Ажибаевпен бірлесіп БІРТҰТАС ТӘРБИЕ бағдарламасының мазмұнына сәйкес "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу " тақырыбында дәріс жүргізіліп, профилактикалық жұмыс атқарылды. Дәрістің мақсаты: Ата-аналарға заң және тәртіп құндылықтарын насихаттау мен ұстану, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы білімдерін тереңдетуге, қоғамдық тәртіпті сақтау және әділеттілікті қамтамасыз ету арқылы ата-аналардың құқықтық санасын арттыруға, тәртіптің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктерін тереңдетуге бағытталған кездесу өткізілді.