31
қаңтар
2025
Тәртіпті өзіңнен баста
Бүгін гимназия қабырғасында «Заң және тәртіп», «Тәртіпті өзіңнен баста!» жобасы аясында профилактикалық дәріс өтті. Дәріс 9-10 сынып оқушыларын қамтыды.
🎯 Дәрістің мақсаты:
✔️ Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау;
✔️ Патриоттық рухты және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықты арттыру;
✔️ Есірткі мен зиянды заттардың ағзаға тигізер зиянын түсіндіру;
✔️ Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат беру.
Бұл шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Әр оқушының өз болашағына жауапкершілікпен қарауы – қоғамның тұрақтылығының кепілі!