13
наурыз
2025
«Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе» шеберлік сыныбы
🔹 2025 жылдың 11 наурызы күні Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәні мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2024» конкурсының жеңімпазы, Естаев Дәурен Естайұлы облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен шеберлік сыныбын өткізді.
🔹 Іс-шара барысында педагог өз тәжірибесімен бөлісіп, маңызды тақырыптарды қамтыды:
✅ Педагог портфолиосы: кәсіби даму мен өзін-өзі бағалаудың құралы;
✅ Оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру;
✅ Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру процесінде қолдану;
✅ Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу жөніндегі нұсқаулық.
🔹 Вебинар барысында ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетіліп, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған жұмыстар таныстырылды.
🔹 Шеберлік сыныбы сұрақ-жауап форматында қорытындыланып, педагогтер өз тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндік алды.
✨ Осындай білім алмасу алаңдары ұстаздардың кәсіби дамуына тың серпін береді!