14
қаңтар
2025
Мұғалім абыройы
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Алтын тұғыр” байқауының облыстық кезеңінде жоғары шеберлігімен көзге түскен Рсалиева Саулеш Каиповна жүлделі 1-орынды иеленді.
Бұл жетістік – оның кәсіби біліктілігінің, шығармашылық қабілетінің және оқушыларға деген шынайы сүйіспеншілігінің дәлелі. Әріптесіміз Саулеш Каиповнаны лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да талай белестерді бағындыруына тілектеспіз! Байқаудың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!