11
ақпан
2025
"Менің мамандығым - өмірге жолдамам" жобасы
2025 жылдың 5 ақпанында гимназиямыздың 9 «Б» сынып оқушысы Нармухамбетов Дарийжан «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – ӨМІРГЕ ЖОЛДАМАМ» жобасы аясында Тараз қаласындағы "DSS dent" тіс емханасында болып, тіс дәрігері мамандығының қыр-сырымен танысты. Ол бір күнін осы салада қызмет атқаратын анасы, Нармухамбетова Аида Дженисбековнаның жұмысында өткізіп, дәрігердің күнделікті атқаратын міндеттерімен танысты.
🔹 Жобаның мақсаты – оқушыларға өз қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, болашақ мамандығын таңдауға көмектесу, олардың кәсіби бағдарын айқындау.
🔹 Бұл тәжірибе оқушылардың түрлі мамандықтарға деген көзқарасын кеңейтіп, өз болашағын саналы түрде жоспарлауына ықпал етеді.
Осындай пайдалы жобалар арқылы оқушылар өз армандаған кәсібін таңдауға бір қадам жақындай түседі!