ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай өткен "Оян, қазақ" атты облыстық эссе байқауында гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Абакир Ердәулет жүлделі ІІ орынды иеленді! 🏆 Бұл жеңіс – оның білімге деген құштарлығы мен шығармашылық қабілетінің нәтижесі. Ердәулетті және жетекшісі Бештаева Сандуғаш Шырынханқызын шын жүректен құттықтаймыз! ✨ Биіктерді бағындыра беріңіздер!