Материалы за 10.04.2025 » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 10.04.2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ олимпиада
10
сәуір
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ олимпиада
2025 жылдың 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Орал қаласында өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша #РЕСПУБЛИКАЛЫҚ_олимпиадада гимназиямыздың мақтанышы – 10-сынып оқушысы Кочкорбаев Саматбек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі III орынға ие болды! 🥉 Бұл – тек шәкірттің ғана емес, ұстаз еңбегінің де жемісі! ✍️ Саматбектің білім көкжиегін кеңейтіп, рухани биіктерге жетелеген ұстазы – Бештаева Сандуғаш Шырынханқызына алғысымыз шексіз! 🌷 Жетістігің – жолыңның жарқын бастауы болсын,
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдайтын "ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ" қалалық байқауында әріптесіміз, шығармашыл ұстаз Нұрланов Ерлан жүлделі III орынға ие болды! 🥉 Бұл — ұстаздың білімге деген адалдығы мен ізденісінің, жаңашылдыққа ұмтылған еңбегінің жарқын нәтижесі ✨. Әрбір сабағында ұлттық құндылықты ұлықтап, жас ұрпақтың жүрегіне сөз өнерінің нәрін сіңіре білетін Ерлан әріптесіміздің жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық биіктерден көріне беріңіз!
Мақал – сөздің мәйегі
10
сәуір
2025
Мақал – сөздің мәйегі
"Мақал – сөздің мәйегі" атты 7-8 сынып оқушылары арасында өткен қалалық байқауда 7 "А" сынып оқушысы Шәмен Әлинұр жүлделі II орын иеленді! Жетекшісі – Нүске Ансар Жамбылбекұлы. Жетістігің құтты болсын, Әлинұр! Білім жолындағы бағындырар белестерің көп болсын! Жетекшісіне алғысымыз шексіз!!! Мақал – халық даналығы, оны дәріптеген шәкіртімізге мың алғыс!
Қалалық пікірсайыс турнирі
10
сәуір
2025
Қалалық пікірсайыс турнирі
28 наурыз күні өткен "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл" атты қалалық пікірсайыс турнирінде гимназиямыздың оқушылары жоғары нәтиже көрсетті! Жетекшісі: Қыздарбеков Әділбек Бақбергенұлы 🏆 Қазақ лигасы 🥈 2-орын – Жанабек Нурила, Дуйсеналиева Нұрай Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🏅 Олардың табандылығы мен білімге деген құштарлығы біз үшін үлкен мақтаныш!
Республикалық пікірсайыс турнирі
10
сәуір
2025
Республикалық пікірсайыс турнирі
28-30 наурыз күні өткен Дәстүрлі Республикалық "YASAWI SCHOOL CUP IV" республикалық пікірсайыс турнирінде гимназиямыздың оқушылары жоғары нәтиже көрсетті! Жетекшісі: Қыздарбеков Әділбек Бақбергенұлы 🏆 🥉3-орын – Худайберген Гаухар Гаухарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏅 Табандылығы мен білімге деген құштарлығы біз үшін үлкен мақтаныш!
Біз таңдаған кітаптар
10
сәуір
2025
Біз таңдаған кітаптар
«Біз таңдаған кітаптар» – кітап оқу сағаты Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 4 «Е» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітаптар айналымы» акциясы бойынша «Біз таңдаған кітаптар» атты кітап оқу сағаты өтті. Оқушылар сүйікті кітаптарымен бөлісіп, әсерлі сәттерді ортаға салды. Бұл шара олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, жаңа әдебиеттерге деген ынтасын оятты. Кітапханаға жаңадан келіп түскен туындыларды насихаттау
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдайтын "ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ" қалалық байқауында әріптесіміз, шығармашыл ұстаз Бегулиева Таңшолпан Мамырқызы жүлделі II орынға ие болды! 🥈 Ұстаздық жолдағы табыстарыңыз көп болсын! Шығармашылық шабыт пен биік белестер тілейміз!!!
ҮЗДІК IT ҰСТАЗ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК IT ҰСТАЗ
Облыстық ҮЗДІК IT ҰСТАЗ ТУРНИРІ II кезеңнің нәтижелері бойынша гимназия ұстаздары үлкен жетістік көрсетті: 1-орын – Иманкулова Татты Ирановна 3-орын – Алипбаева Алия Ергалиевна Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі тағы бір мәрте дәлелденді! Сіздерге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз! Білім биігін бағындыра беріңіздер!
Психолог жетістігі
10
сәуір
2025
Психолог жетістігі
Тараз қаласының прокуратурасы қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі тренинг барысында кәсіби шеберлігі мен іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның психологы Бақытжамал Бақытжанқызы Әлмұратова Тараз қаласының прокурорының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Бұл марапат – білікті маманның еңбегіне берілген зор баға! Жетістіктеріңіз арта берсін!