ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫ!
Жамбыл облысының қол күресі бойынша өткен чемпионатында оқушымыз Исмайлов Самир 2-орын иеленіп, гимназиямыздың абыройын асқақтатты! Төзімділік пен табандылықтың, жігер мен намыстың айғағындай болған бұл жарыста Самир қарсыластарына тегеурінді қарсылық танытып, күміс жүлдені жеңіп алды. Жас спортшыға алдағы додаларда сәттілік пен биік белестер тілейміз! Жеңісті күндерің көп болсын, Самир!